Жаңалықтар
Мамыр думаны: Концерттер қайда өтеді?

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс пен қала әкімдігі өкілдері мамыр айына арналған жоспарларымен бөлісті.
Биыл мамыр мерекелері — Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні — ерекше мазмұнда өтпек.
Облыс бойынша ұйымдастырылатын 370 шараға 250 мың адам қатысады деп күтілуде.
Өскеменде 73 мерекелік шара жоспарланған. Оның ішінде 15-і — негізгі мемлекеттік шаралар, ал 58-і — еркін форматта өтеді.



