Жаңалықтар
Мас болып есік тепті — 151 мың теңге кетті

Катонқарағай ауданында тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралды. Оқиға аудандық сотта басқа адамның мүлкіне қасақана зиян келтіру ретінде қаралды.
Тергеу мәліметінше, ер адам мас күйінде танысының үйінен шығып бара жатып, есікті теуіп, мүлікке зақым келтірген.
Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өтеуге уәде берген.
Нәтижесінде сот шешімімен оған 151 375 теңге айыппұл салынды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.



