Жаңалықтар

Ет те, сүт те арзан: Өскеменде қос жәрмеңке ұйымдастырылады

Өскеменде сенбі күні екі жерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Сағат 8:00-ден 15:00-ге дейін қала тұрғындары азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкелер «Алтай» (Жібек жолы көшесі, 44) және «ДосНар» сауда үйінде (Виноградов көшесі, 17а) ұйымдастырылады.

Келушілер сиыр, жылқы, қой және шошқа етін, сүт өнімдерін, шұжық, нан өнімдерін, бал және басқа да тағам түрлерін арзан бағамен ала алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button