Жаңалықтар

Өскеменде қай көшелер сусыз қалады?

Өскеменде бірнеше көшеде ыстық су уақытша өшіріледі. Бұған себеп – жылу желілерінде жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстары. Бұл туралы «Шығыс жылу» хабарлады.

Жылыту маусымы аяқталысымен, мамандар келесі қысқа дайындықты бастап кеткен. Сол үшін кейбір үйлерде ыстық су уақытша тоқтатылады.

Қазірдің өзінде Жаңа Ахмер көшесіндегі бірқатар үйлерде (1-ден 22-ге дейінгі кей үйлер) жылу желісі өшірілген.

Ал 4 мамыр күні Бейбітшілік, Қазақстан, Қайсенов, Бітібаева көшелері, сондай-ақ Жеңіс және Назарбаев даңғылдарының тұрғындары да ыстық сусыз қалады.

Мамандардың айтуынша, бұл – уақытша қолайсыздық. Есесіне, жөндеу жұмыстары қыс мезгілінде ақаусыз жылумен қамтуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button