Жаңалықтар

Мереке қыза түсті:Республика алаңында думанды концерт басталды

Өскеменнің қақ ортасындағы Республика алаңы бүгін ерекше атмосфераға бөленіп жатыр. Таңғы сағат 11:00-де басталған мерекелік шара қала тұрғындары мен қонақтарына нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Алаңда шатырлар тігіліп, ойын-сауық аймақтары мен түрлі белсенділіктер ұйымдастырылды.

Мерекенің басты көркі – сахна. Онда өңірде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің әндері мен билері орындалып, көрермендерді бірлік пен мәдени әртүрлілік рухында біріктіріп жатыр.

Шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Ол жиналған жұртқа амандық, татулық және өңірдің өркендеуін тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button