Жаңалықтар

Биыл неше отбасы баспаналы болады?

Облыста тұрғын үй мәселесін шешу қарқынды жалғасуда. Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, өткен жылы бұл салаға 71,4 млрд теңге инвестиция тартылып, 407 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, бюджет есебінен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін 571 пәтер салынып, сатып алынған.

Биыл әлеуметтік осал топқа жататын, көпбалалы 173 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізеді.

Мұнымен қоса, «Шығыс Маманы» жобасына 1 млрд теңге бөлініп, өңірге қажетті мамандарды тарту жұмыстары жалғасады.

2025 жылы «Отбасы банкі» арқылы 48 ипотекалық несие берілген. Ал Глубокое ауданындағы Белоусовка кентінде төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға арнап 25 пәтер сатып алынған.

Аймақта баспана мәселесін кезең-кезеңімен шешу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button