Жаңалықтар
3 млрд теңге: ШҚО-да қанша аурухана жаңарады?

Өңірде денсаулық сақтау саласы қарқынды жаңарып келеді. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдегендей, өткен жылы медицинаға 39 млрд теңге бөлінген.
Қаражаттың басым бөлігі жаңа нысандар салуға бағытталған. Мысалы, Риддерде 200 орындық стационары және күніне 500 адам қабылдайтын емханасы бар ірі аурухана кешені ашылды. Ал Қасым Қайсенов кентінде жаңа емхана пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Өскеменде гематология орталығының құрылысы әлі де жалғасып жатыр.
Алдағы жоспар да ауқымды. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында өңірде 36 медициналық нысан салынып үлгерген. Енді қосымша 3 млрд теңге бөлініп, 8 ауруханаға күрделі жөндеу жүргізіледі.



