Жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қай жерлерде өтеді?

9 мамыр күні Өскемен тұрғындары үшін бірден екі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкелер таңғы сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін өтеді.
Сауда орындары:
- Алтай сауда орталығы
- ДосНар сауда үйі
Жәрмеңкеде тұрғындар жергілікті өндірушілерден еттің бірнеше түрін, сүт өнімдерін, шұжық, нан-тоқаш өнімдері мен балды төмендетілген бағамен сатып ала алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – халыққа сапалы әрі қолжетімді азық-түлік ұсыну және жергілікті кәсіпкерлерді қолдау.



