Жаңалықтар

Сібе көліндегі қайғылы оқиға: сапборд тепкен адам із-түзсіз жоғалып кетті

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Сібе көлдерінің бірінде қайғылы жағдай болды. Қазіргі уақытта құтқарушылар Ұлан ауданындағы Шалқар көлі маңында 2001 жылы туған жігітті іздестіріп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт 1 мамыр күні сапбордпен серуендеп жүрген кезде суға батып кеткен. Оқиға туралы құтқарушыларға куәгерлер хабарлаған.

Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер мен арнайы жүзу құралдары жұмылдырылды. Алайда мамандар көлдің тереңдігі іздеу жұмыстарын қиындатып отырғанын айтады.

ТЖД тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button