Жаңалықтар
7199 шырақ жағылды—ШҚО

Кеше Жеңіс күніне орай Даңқ мемориалында дәстүрлі «Өз шырағыңды жақ» акциясы өтті. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов отбасы мүшелерімен бірге қатысты.
Акция майданнан оралмаған шығысқазақстандық боздақтарды еске алып, олардың ерлігіне құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Биыл шараға қатысушылар жалпы саны 7199 шырақ жақты.
Шырақтар жоғарыдан қарағанда жұлдыз бен «81» санын бейнеледі. Бұл — Жеңістің 81 жылдығына арналған символикалық белгі.
Шара мерекелік концертке ұласып, патриоттық әндер шырқалды. Кеш соңында тұрғындар отшашуды тамашалады.



