Жаңалықтар

Шығыстың ақыны топ жарды!

Шығысқазақстандық айтыскер ақын Жұлдызай Маратбек Қызылордада өткен «Алты Алаштың арысы – Ер Жалаңтөс» республикалық айтысында бас жүлдені жеңіп алды. Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған дүбірлі додада еліміздің мықты ақындары бақ сынады. Солардың арасынан суырылып шыққан жерлесіміз Шығыс өнерінің мерейін үстем етті.

Облыста айтыс өнеріне ерекше қолдау көрсетіліп келеді. Жуырда ғана «Алтайым – алтын бесігім» республикалық командалық айтысында шығыстық өнерпаздар қарағандылық қарсыластарын жеңген болатын.

Айта кетейік, 17 мамыр күні Тарбағатай ауданының Қабанбай батыр ауылында ақын Абаш Кәкеновтің 70 жылдығына арналған облыстық айтыс өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button