Жаңалықтар

Жасыл туризмге қадам:қандай эко-саябақтар ашылады?

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар мен туризм саласының дамуы қаралды. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше жаңа жоба жүзеге асады. Атап айтқанда, Өскеменде «Шоқ қайың», Ұлан ауданында «Жасыл аймақ», Глубокое ауданында «Таулы Үлбі» эко-саябақтары ашылады.

—Экотуризм – әлемдік туристік индустрияда қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Сондықтан бұл салаға инвестиция тарту және табиғатты сақтай отырып дамыту маңызды,-деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, туристік нысандарда ақпараттық орталықтардың санын арттыру қажеттігі айтылды. Бұл туристерге бағыт-бағдар беруді жеңілдетіп, демалыс орындарына қолжетімділікті жақсартпақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button