Жаңалықтар

Өскемен жас балуандарды күтеді!

23 мамыр күні Өскеменде дзюдодан республикалық турнир ұйымдастырылады. Жарыс 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өтеді.

Дода Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жанәділ Атаевтің жүлдесіне арналады. Турнирге еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар қатысады.

Жарыс Жекпе-жек сарайында (Қ. Сәтпаев даңғылы, 82/1) өтеді. Бәсеке сағат 10:00-де басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button