Жаңалықтар
Донор болам десеңіз…

Ертең Өскеменде донорлық қан тапсыру акциясы ұйымдастырылады. Бұл туралы облыстық қан орталығы хабарлады.
Акция Абай атындағы гуманитарлық колледжде (Бітібаева көшесі, 1) ұйымдастырылады. Қан тапсыруға келетін донорлар сағат 09:00-ден 13:30-ға дейін келе алады.



