Жаңалықтар
№229:Өскеменде жаңа автобус бағыты іске қосылды
Өскеменде қоғамдық көлік желісі тағы бір жаңа бағытпен толықты. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалын басқару орталығы» хабарлады.
Бүгіннен бастап қалада №229 «Геологическая – Тальниковая» бағыты жұмысын бастады. Жаңа маршрут тұрғындардың қатынауын жеңілдетіп, қала ішіндегі қозғалысты жақсартуға бағытталған.
Бұл бағытқа қызмет көрсетуді «ВЕБАС» тасымалдаушы компаниясы жүзеге асырады.



