Жаңалықтар
Өскеменде тұрғындар тегін тексеруден өте алады

30 мамыр күні облыстық онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылады. Сағат 09:00-13:00 аралығында тұрғындар онколог мамандардан тегін тексеру мен кеңес ала алады.
Қабылдау барысында тері, меланома және қалқанша безі ауруларының алдын алу мен ерте анықтау мәселелері қарастырылады. Қажет болған жағдайда ультрадыбыстық зерттеу де жүргізіледі.
Алдын ала жазылу міндетті емес.
Өзіңізбен бірге жеке куәлік және бұрынғы тексеру нәтижелері болса, ала барған жөн.



