Жаңалықтар
ШҚО-да қос азаматтықпен жүргендер анықталды

Өңірде көші-қон заңнамасын бұзған 18 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция мәліметінше, олардың 14-і шетел азаматтығын алғаны туралы уақытында хабарламаған. Ал тағы 4 адам Қазақстан азаматтығынан айырылса да, ел құжаттарын пайдаланған.
Жыл басынан бері өңірде Қазақстан азаматтығынан шыққан 300-ден астам адам тіркелген. Сонымен қатар қос азаматтықпен жүрген 50-ден астам адам анықталған.
Мәселен, наурыз айында басқа елдің азаматтығын алған ерлі-зайыптылар ұсталды. Олар бұл туралы уәкілетті органдарға хабар бермеген.
Тәртіп бұзушылардың Қазақстан құжаттары тәркіленіп, ел аумағынан шығарылды. Сондай-ақ оларға 5 жыл бойы Қазақстанға кіруге тыйым салынды.



