Жаңалықтар
Енді «Одесса» паромында тегін интернет бар

9 мамырдан бастап Бұқтырма су қоймасындағы «Одесса» паромы Васильев өткелінде тұрақты рейстерін қайта бастады. Паром Самар мен Үлкен Нарын аудандарының тұрғындарын байланыстыратын маңызды қатынас құралы болып саналады.
Енді жолаушылар сапар барысында жоғары жылдамдықты Starlink интернетін тегін пайдалана алады. Бұл жаңалық әсіресе туристер мен жолда байланыста болғысы келетін тұрғындар үшін қолайлы болмақ.
Қонақтар Бұқтырма жағалауының көркем табиғатын тамашалап,өңірдің ерекше атмосферасымен таныса алады.



