Жаңалықтар
“Қауіпсіз жол”: ШҚО-да жол тәртібі бақылауға алынды

Облыста 25 мамырға дейін «Қауіпсіз жол» атты рейд жұмыстары өтеді.
Осы күндері облыс аумағында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын күшейтілген түрде бақылайды.
Негізгі назар жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу, мас күйінде көлік жүргізу және жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу фактілеріне аударылады.
Шараның басты мақсаты – жол апаттарының алдын алып, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.



