Жаңалықтар
Маусымда ауа райы қандай болады?

Облыста жаздың алғашқы уақыты құбылмалы ауа райымен басталады. «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, маусым айында өңір тұрғындарын салқын түндер, әрі аптап ыстық күндер күтіп тұр.
Ай басында түнгі уақытта ауатемпературасы тіпті -1…-6°С-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Ал күндіз обіртіндеп жылып, 24…29°С-қа дейін көтеріледі.
Маусымның аяғына таман ауа райы күрт ысиды. Бұл кезеңде температура 32…37°С-қа дейін жетіп, өңірде нағыз жазғы аптап орнайды. Кейін ауа райы сәл салқындап, күндіз 26…31°С, түнде 10…15°С шамасында болады.
Айдың соңына қарай ауа райы қайта құбылып, жаңбыр жиілейді. Кей күндері найзағай ойнап, бұршақ жаууы да мүмкін. Түнгі температура 10…23°С аралығында, күндіз 26…37°С шамасында сақталады.



