Кино сүйер қауымға сый: қандай жаңа премьералар шығады?

21 мамырдан бастап Өскемен кинотеатрларында жаңа фильмдер көрсетіле бастайды. Осы аптадағы туындылар әртүрлі жанрды қамтиды: фантастика, триллер, анимация, драма және комедия.
1.«Мандалорец и Грогу» – фантастикалық экшн. Танымал ғаламдағы жаңа оқиға Мандалорец пен Грогудың ғарыштағы жаңа миссияларына арналған.
2.«Тень» – анимациялық фильм, махаббат туралы оқиға. Мультфильмнің басты кейіпкері – «Тень» атты мысық. Фильм барлық жастағы көрерменге арналған, яғни балалар да, ересектер де еркін барып көре алады.
3.«Обсессия» – психологиялық триллер. Адамның ішкі сезімі, әуестік пен эмоциялық тұрақсыздық қауіпті жағдайларға алып келеді.
4.«Бабай» – қазақша комедия. Әке мен қыз арасындағы қарым-қатынас терең әрі әзіл арқылы көрсетіледі. Фильмде отбасылық байланыс пен күлкілі жағдайлар қатар өрбиді.
5.«Несси. Чудище из Лох-Несса» – анимациялық, романтикалық фильм. Махаббат пен жылы сезімге толы оқиға көрерменге әсерлі көңіл-күй сыйлайды.
6.«Қамау» – отбасылық драма. Фильмде қызғаныш, абьюз және отбасылық қиындықтар тақырыбы қозғалады. Кейіпкерлер күрделі қарым-қатынас пен психологиялық қысымнан шығу жолын іздейді.



