Жаңалықтар
Жаңа әуежайлар қашан ашылады?

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан мен Катонқарағай аудандарында салынып жатқан жаңа әуежайлардың құрылысы туралы баяндады.
Қазіргі таңда Зайсан әуежайының құрылысы 76 пайызға аяқталса, Катонқарағайдағы нысан 55 пайызға дайын. Жоспар бойынша Зайсан әуежайы жазда, ал Катонқарағай әуежайы күздің басында пайдалануға беріледі.
Жаңа әуежайлар іске қосылғаннан кейін Өскеменнен еліміздің бірнеше қаласына жаңа рейстер ашу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Түркістан бағыттарына әуе рейстерін іске қосу көзделуде.
Жобалар жолаушылар ағынын жылына 800 мың адамға дейін арттырып, туризмнің дамуына серпін береді. Сонымен қатар әр әуежайда 57 тұрақты жұмыс орны ашылады.



