Жаңалықтар
Түркияға “арзан тур” — 20 млн теңгелік алаяқтық

Шығыс Қазақстан облысында ер адам “Travel the world” атты жалған туристік фирма ашып, әлеуметтік желілерде Түркия, Египет, Біріккен Араб Әмірліктеріне арзан турлар ұсынған.
13 тұрғын оның ұсынысына сеніп,жалпы 20 миллион теңгеден астам қаражат аударған.
Сот оны ірі көлемдегі алаяқтық үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды.
Тұрғындарға күмәнді “арзан тур” ұсыныстарына сенбеу ескертіледі.



