Жаңалықтар
Биыл мектеп бітіру кешін тойлауға бола ма?

Өңірде мектеп бітіру кештері биыл 17–18 маусым күндері өтеді.
Білім басқармасының мәліметінше, арнайы бұйрыққа сәйкес мектептен тыс жерде кез келген бітіру кештерін, салтанатты жиындарды және аттестат тапсыру рәсімдерін өткізуге тыйым салынған.
— Барлық іс-шара тек мектеп ғимаратының ішінде ғана өтуі керек, — деді облыстық білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов.
Дегенмен аттестат тапсыру рәсімі соңғы жылдары тұрақты түрде мектеп ішінде ұйымдастырылып келеді. Ал коттедж, мейрамхана немесе басқа да орындарда өтетін кештер — ата-аналар мен түлектердің жеке бастамасы болып саналады.



