Жаңалықтар
Қонаққа келіп, тапанша ұрлап кеткен…
Катонқарағай ауданында ер адам қонаққа барған үйден ақша, пышақ және тапанша ұрлап кеткен.
Қылмыскер үй иесімен бірге ішімдік ішкен.Ол ұйықтап қалған сәтті пайдаланып, алдымен ақша салынған қоржын мен пышақты алып кеткен.
Кейін сейфтің ішінен газды тапаншаны ұрлаған.
Келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгені құрады.
Сот қылмысты ауыр санатқа жатқызып, айыпталушының бұрын да сотталғанын ескерді. Нәтижесінде оған 3 жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.



