Жаңалықтар

Тәулігіне мың литр: Заңсыз арақ өндірген цехтар әшкереленді

Өскеменде заңсыз алкоголь өнімдерін өндірумен айналысқан бірнеше жасырын цехтың жұмысы тоқтатылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті төрт бірдей қоймада қолдан жасалған алкоголь өндірілгенін анықтаған. Тергеу мәліметінше, спирт суға араластырылып, кейін танымал брендтердің атауымен бөтелкелерге құйылған.

Заңды өнімге ұқсату үшін жалған маркалар пайдаланылған. Тінту кезінде 26 тонна спиртті сұйықтық, «Таежный волк», «Stolichnaya», «Добрый медведь», «Казахстан» атауларымен дайындалған алкоголь өнімдері, сондай-ақ құюға арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.

Алдын ала мәлімет бойынша, цехтарда тәулігіне 500-ден 1000 литрге дейін өнім өндірілген.

Сонымен қатар, заңсыз өнімді тасымалдаған бес жүк көлігіне тыйым салынды. Тергеу барысында қолдан жасалған алкогольдің қала мен облыс аудандарындағы сауда орындары арқылы сатылғаны анықталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button