Жаңалықтар
Шалқар көліндегі жағажай жаз бойы жабық болады

Сібе көлдеріндегі үшінші жағажай жаз маусымында уақытша жабық болады.
Туризм басқармасының мәліметінше, жағалауды абаттандыру жұмыстарына 132 миллион теңге бөлінген.
Жоба аясында жағажай аумағы мен автотұрақ (100 орынға дейін) кеңейтіледі. Сонымен қатар, көл маңы тазартылып, 150 текше метр құм төселеді.
Одан бөлек, 5 санитарлық торап, қоқыс контейнерлері және медициналық пункт орнату жоспарланған.
Жөндеу жұмыстарына байланысты жағажай тамыз айына дейін жабық болады.



