Жаңалықтар
Музыка, би және спорт:Жастарға арналған ерекше кеш өтті

Өскеменде алғаш рет «Jasstar Alemi» атты ашық аспан астындағы жастар кеші ұйымдастырылды.
Комсомол аралында өткен қызықты шараға қала жастары көптеп жиналды. Кеш барысында жергілікті шығармашыл жастар өнер көрсетіп, түрлі қойылымдар мен ән-би бағдарламаларын ұсынды.
Сонымен қатар, спорттық эстафеталар өткізіліп, 6 команда өзара жарысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жастарды белсенді өмір салтына баулу және бос уақытын тиімді өткізу мақсатында өткізілген.
– «Jasstar Alemi» фестивалі біздің қалада алғаш рет өтіп жатыр. Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын табады, – деді Өскемен қаласы Жастар ресурстық орталығының директоры Аслан Бауыржан.



