Жаңалықтар

Биылғы түлектер емтиханды қашан тапсырады?

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен қорытынды аттестацияның өту тәртібі бекітілді.

9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар төрт міндетті жазбаша емтихан тапсырады.

11-сынып түлектері 2–15 маусым аралығында мемлекеттік емтихандар тапсырады. Бұл кезеңде оқушылар бес емтиханнан өтеді, оның бірі ауызша форматта болады.

Мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанаты 17–18 маусым күндері өтеді. Іс-шара мектептерде, әкімшілік бұйрық пен ата-аналар комитетінің келісімі негізінде ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button