Жаңалықтар

ШҚО: «Ұлан» көлік-логистикалық кешені салынады

Шығыс Қазақстан облысында «Ұлан» көлік-логистикалық кешеннің құрылысы басталады. Жаңа жоба өңірдің инфрақұрылымын дамытуға және экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Кешеннің аумағы — 18 гектар. Жоба аясында жылына 800 тоннаға дейін жүк тасымалдау көзделіп отыр. Сонымен қатар, мұнда 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

—Бұл Шығыс Қазақстан үшін аса маңызды жоба. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, жеке инвестициялар тартуға, өңірдің экспорттық және транзиттік әлеуетін арттыруға жол ашады. Сонымен қатар мұнда 25 мың тоннаға дейін астық пен 10 мың тонна майлы дақылдарды сақтауға мүмкіндік болады,-деді аймақ басшысы.

Құрылыс жұмыстары үш кезеңнен тұрады. Жобаның жалпы құны 20 миллиард теңге.
Мердігер DTJ service ЖШС.
Кешеннің іске қосылуы өңірдің экономикалық дамуына айтарлықтай серпін беріп, логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашпақ.

Жаңа «Ұлан» кешені Өскемендегі ЖЭО-3 құрылысына арналған негізгі логистикалық базаға айналып, болашақ нысанға жақын аумақта қажетті жабдықтар мен материалдарды қабылдау, өңдеу және сақтауды қамтамасыз етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button