Жаңалықтар
Рахман қайнарына апаратын жол жаңартылады

Өскемен – Рахман қайнары тасжолының 0–45 және 110–140 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Жоба аясында жолдағы шұңқырлар жойылып, жол жиегі мен су өткізгіш құбырлар жөнделеді. Сондай-ақ жол жамылғысы жаңартылып, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Бұл бағыт Рахман қайнары секілді туристік аймақтарға апаратын маңызды жолдардың бірі саналады.



