Жаңалықтар

Жасырын қазба: заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

Күршім ауданында заңсыз алтын өндіргендер анықталды. Рейд барысында «Көлшілік» учаскесінде ауыр техникамен жер қазып жатқан адамдар ұсталған.

Тексеру кезінде 4 адам қолға түсті. Олардың арасында Қазақстанда заңсыз жүрген Өзбекстан азаматы да болған.

Оқиға орнынан:
-экскаватор
-автокөлік
-мотоцикл
-қымбат металл іздегіштер
-түрлі құрал-жабдықтар тәркіленді.

Мамандардың айтуынша, заңсыз қазба жұмыстары спутниктік байланыс құралдары арқылы жүргізілген.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button