Жаңалықтар
Өскеменде тағы бір көше жаңарып жатыр
Лермонтов көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда ұзындығы 800 метр болатын учаскеде ескі асфальт алынып, жол тегістеліп, жаңа жабын төселіп жатыр.
Мамандардың айтуынша, жөндеу барысында жол қозғалысының қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінеді. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр.



