Жаңалықтар
Бұқтырмада жаңа демалыс орны пайда болады

Бұқтырма су қоймасының жағалауында экопарк салу жоспарланып отыр.
Октябрьский кентінде өткен кездесуде жергілікті билік өкілдері жағалаудағы жер учаскелерінің болашағын тұрғындармен талқылады. Бұған дейін жекеленген жер учаскелері азаматтарға шаруашылық жүргізу үшін берілген. Қазіргі таңда кейбір аумақтар мемлекет меншігіне қайтарылды.
Барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін бұл жерде экопарк бой көтермек. Жоба аясында табиғи ландшафт пен жасыл желек сақталып, тұрғындар мен туристерге арналған жайлы демалыс аймағы құрылады.



