Жаңалықтар

Риддерге – 240 жыл: айтыс, ұлттық ойындар мен танымал жұлдыздар

Риддер қаласы биыл 240 жылдық мерейтойын атап өтеді. Қала күніне арналған мерекелік шаралар 5-6 маусым аралығында ұйымдастырылады.

5 маусым күні мерекелік бағдарлама ғылыми-практикалық конференциядан басталады. Сонымен қатар Мәдениет сарайында облыстық ақындар айтысы өтіп, көрермендер тартысты өнер додасын тамашалай алады.

Негізгі іс-шаралар 6 маусымға жоспарланған. Қалада «Ата-Мұра Ойындары» ұлттық спорт сайыстарының ашылуы өтеді. Қонақтар ұлттық ойындарды тамашалап, көрмелер мен сауда қатарларын аралай алады. Сондай-ақ мереке аясында әуе шарына көтеріліп, Риддерді биіктен көруге мүмкіндік беріледі.

Кешкі сағат 18:00-де Республика алаңында үлкен мерекелік концерт өтеді. Сахнада Анара Батырхан, BAYANSULU, африкандық шоу-группа «Килиманджаро» сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздары мен арнайы қонақтар өнер көрсетеді.

Мерейтойлық шаралар кешкі сағат 22:00-де жарқын отшашумен аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button