Жаңалықтар
133 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды-ШҚО

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау жұмыстары жалғасып датыр. Жыл басынан бері өңірде 133 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, оның 108-і жойылды.
Облыста «Таза Қазақстан» акциясы аясында күн сайын рейдтер ұйымдастырылып жатыр.
Соның нәтижесінде барлығы 6 195 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде 5 057 дерек абаттандыру қағидаларын бұзуға, ал 1 138 жағдай қоғамдық орындарды ластауға қатысты.
Сонымен қатар заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін анықталған 133 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісінің 108-і толықтай жойылды. Қалған нысандарды тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.



