БілімЖаңалықтар

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Өз кәсібіңізді ашуды немесе қолданыстағы бизнесіңізді кеңейтуді жоспарлап жүрсіз бе? «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлерін қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды.

Бағдарлама ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындарына жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредит алуға мүмкіндік береді.

Қаржыландыру шарттары:
– сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%;
– кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін (60 ай);
– жеке кәсіпкерлер үшін микрокредит сомасы – 10 812 500 теңгеге дейін;
– ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін микрокредит сомасы – 34 600 000 теңгеге дейін.

Қаржыландыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
– қызмет көрсету саласы;
– өндіріс;
– қоғамдық тамақтандыру;
– жөндеу шеберханалары;
– тұрмыстық қызмет көрсету;
– туризм;
– ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлері.

Бағдарламаға қатысу және қосымша ақпарат алу үшін:
– тұрғылықты жеріңіз бойынша аудан және қала әкімдіктеріне;
– Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына (Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1);
– «Атамекен МҚҰ» ЖШС-не (Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27);
– «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына (Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1);
– «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы» АҚ-ға (Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27) жүгіне аласыз.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы – жеңілдетілген микрокредит арқылы өз кәсібіңізді бастауға немесе дамытуға берілетін тиімді мүмкіндік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button