Жаңалықтар

ШҚО-да орман өрттерінен келген шығын азайды

Биыл өңірде орман өрттерінің саны артқанымен, олардың салдарынан келген шығын азайды. Бұл туралы облыстық комиссия отырысында айтылды.

— Өрт қаупі жоғары кезең басталғалы мемлекеттік орман қоры аумағында 49 орман өрті тіркелген. Соған қарамастан, өрт шарпыған жалпы аумақ 100 гектарды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге азайған,- деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Мейрембеков.

Қазіргі уақытта Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде екі өрт ошағын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оған орман күзеті қызметкерлері мен авиация жұмылдырылған.

Мамандардың айтуынша, аптап ыстық пен найзағай кезінде авиациялық қолдау орман өрттерінің ірі аумаққа таралуының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Сондықтан әуе техникасын тарту және оны қаржыландыру мәселесі алдын ала шешілуі қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button