Жаңалықтар

Магистратураға грантқа өтінім қабылдау басталды

Магистратурада білім алғысы келетіндер үшін маңызды кезең басталды. 12 тамыздан бастап мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысуға құжат қабылдау жүріп жатыр. Өтінімдерді 18 тамызға дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына, соның ішінде онлайн форматта тапсыруға болады.

Биыл магистратураға түсу үшін 58 мыңға жуық талапкер кешенді тестілеуден өтті. Шекті балл жинағандар грант конкурсына қатыса алады. Жалпы 11 мыңға жуық мемлекеттік білім гранты сарапқа салынады.

Конкурсқа қатысу үшін жеке куәлік көшірмесі, жоғары білім туралы диплом мен қосымшасы, кешенді тестілеу сертификаты, сондай-ақ бар болса шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат қажет.

Құжат тапсыру кезінде талапкер бір білім беру бағдарламалары тобын және үш жоғары оқу орнын таңдай алады.

Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми ресурстарында жарияланады. Ал магистратураға қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button