Жаңалықтар
ШҚО құтқарушысы қазақ күресінен чемпион атанды

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушысы қазақ күресінен өткен жарыста жеңімпаз атанды.
№6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, кіші сержант Нұрали Аралбек облыстық XXIV Халықтық спорт ойындарында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орын иеленді.
Бәсекеде спортшылар күш пен шеберліктерін сынап, жеңіс үшін белдесті. Нұрали Аралбек қарсыластарынан басым түсіп, өз салмағында үздік атанды.
Құтқарушының айтуынша, бұл жеңіс — тынымсыз дайындық пен еңбектің нәтижесі.



