Жаңалықтар

Торт арқылы түрмеге телефон өткізбек болған

Өскемен тұрғыны түрмеде отырған досына туған күніне торт апарып, оның ішіне ұялы телефон мен SIM-карта жасырған. Алайда «сыйлық» мекемеге кірмей жатып әшкереленді.

Тексеру кезінде қызметкерлер торттың ішінен күмәнді қатты затты байқап, оны мұқият қараған. Нәтижесінде телефон мен SIM-карта салынған қаптама табылды. Кейін тағы бір осындай орама анықталған.

Табылған заттар тәркіленді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, оған қатысы бар адамдарды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button