Жаңалықтар

Хоккей маусымы «Торпедоның» жеңісімен басталды

Өскеменде 2026/2027 жылғы хоккей маусымы басталды. Қазақстан кубогы аясында шығысқазақстандық «Торпедо» өз айдынында көкшетаулық «Арланды» 3:2 есебімен жеңді.

Матч басталар алдында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен «Торпедоның» 2018 жылғы тәрбиеленушісі Мейрам Әли (жаттықтырушылары: Михаил Лазоренко және Александр Шин) дәстүрлі түрде шайбаны ойынға қосты.

Алғашқы минуттардан-ақ командалар жоғары қарқын көрсетті. Алаң иелері алғашқы екі кезеңде екі шайба соқса, соңғы жиырма минутта «Арлан» есеп айырмасын барынша қысқартты. Алайда қонақтар есепті теңестіре алмады.

Ойын нәтижесінде «Торпедо» 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Шығыс Қазақстандағы жаңа маусым тартысты ойынмен, лық толы трибуналармен және өскемендік команданың алғашқы жеңісімен басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button