Жаңалықтар

66 келі заңсыз ауланған балық: Өскемен тұрғыны сотталды

Өскемен қаласының тұрғыны уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулағаны үшін сот жауапкершілігіне тартылды. Бұл туралы Самар аудандық соты хабарлады.

Сот мәліметінше, ер адам өздігінен жүретін көлік құралын пайдаланып, балық ресурстарын заңсыз өндірген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қаралып, сот айыпталушыны кінәлі деп таныды.

Нәтижесінде оған екі жылдан астам мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар заттай дәлелдемелер ретінде тәркіленген 9 балық аулау желісі жойылады.

Сот шешімімен 66 келі көксерке және «Прогресс» маркалы металл қайық мемлекет кірісіне тәркіленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button