Басты жаңалық

Өскеменде 6 келілік алып бала дүниеге келді

Өскемен қаласының жаңа Согра шағын ауданында тұратын отбасы ерекше қуанышқа бөленді.

Облыстық перинаталдық орталықта салмағы 6 келі болатын алып сәби дүниеге келді. Алып қыздың есімі — Жансая. Ол — отбасындағы алты баланың алтыншысы, шаңырақтың шырайын кіргізген кенже гүлі.
Анасы мұндай салмақтағы баланы күтпегенін айтады. Мұндай салмақтағы нәрестенің өмірге келуі – өте сирек кездесетін жайт.

  • Бұл жаңалықты естіген жұртшылық та, жақындарым да ерекше жүректен шыққан жылы лебіздерін арнап жатты. «Молодец, батыр ана болдыңыз!», «Қуаныштарыңыз құтты болсын!», «Отбасыңызға амандық тілейміз!», — деген құттықтаулар толассыз келді, — дейді анасы Зарина Буркенова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button