Жаңалықтар

Риддерде ерекше жаңа жылдық флэшмоб өтті

Жексенбі күні Риддер қаласындағы «Строитель» стадионының футбол алаңы ерекше жаңа жылдық флешмоб алаңына айналды. «Crazy Racing Club» автоклубының бастамасымен 80-ге жуық көлік жиналып, алып Ақшақардың бейнесін құрады.

Идея авторлары — Дмитрий Лукашкин, Антон Арбузов, Степан Репин және Алексей Пушкарев. Олардың бастамасы арқылы автокөлік жүргізушілері қала тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен ерекше форматта құттықтауға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың нұсқауымен флешмобқа қатысушылар бір мезетте көліктердің фарларын, апаттық жарықтарын қосып, дыбыстық сигнал берді. Квадрокоптер арқылы түсірілген көрініс қатысушылар мен көрермендерді таңғалдырды.

Іс-шара екі сағаттан астам уақытқа созылып, ән мен би де қатар жүрді. Бұл өз кезегінде мерекелік көңіл күй қалыптастырып, қыстың ең жарқын мейрамдарының бірі– Жаңа жылдың жақындап қалғанын еске салды.

Фото: Cyber Racing Club автоклубының қатысушылары

Басқа жаңалықтар

Back to top button