Өскеменде 1 715 бала балабақша кезегінде тұр

2025 жылы шаһарда балабақшалар мен шағын орталықтарда 392 жаңа орын ашылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 812 орынға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық мәслихаттың соңғы сессиясында хабарланды.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының мәліметінше, қалада 101 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Онда барлығы 17 054 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 14 730 бала балабақшаларда, 2 324 бала мектептердің даярлық сыныптарында оқиды.
— Жаңа орындарға деген ең жоғары қажеттілік КШТ шағынауданында тіркеліп отыр. Мұнда жаңа тұрғын үй кешендерінің қарқынды салынуына байланысты 1 715 орынға тапшылық бар, — деп атап өтті ведомство өкілдері.
Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап ваучерлік қаржыландыру тетігі енгізілді. Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс орналастырылған 82 балабақша осы жүйеге көшкен. 2025 жылдың 1 наурызынан 11 желтоқсанына дейін қалада 22 657 ваучер берілген.



