Жаңалықтар

Өскеменнен Қытай мен Моңғолияға тікелей рейстер ашыла ма?

Жақын арада Өскеменнен Қытай және Моңғолия бағытында тікелей рейстер ашылуы мүмкін. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов мәлімдеді.

– Шығыс Қазақстан облысында қазір Өскемен – Үрімші және Өскемен – Баян-Өлгей бағыттарында келіссөздер жүргізіліп жатыр,-деді басқарма басшысы.

Үрімшіге дейінгі қашықтық 776 шақырым, ұшу уақыты шамамен 1,5 сағат болады. Қазіргі таңда Қытайдың ірі орталығына тек транзит арқылы ұшуға болады, ал автокөлікпен бұл жол шамамен 14 сағат алады.

Баян-Өлгей бағыты Моңғолияның көрікті табиғи аймақтарын, ұлттық саябақтарын және туризмге тартымды орындарын қамтиды. Тікелей рейстер ашылса, өңір тұрғындары мен туристер үшін сапар әлдеқайда ыңғайлы және қысқа болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button