Жаңалықтар

Қар көшкіні кезінде не істеу керек?

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қар көшкіні кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды.

Қар көшкіні басталса, оған қарсы жүгірмей, көлденең қарай кету керек. Қозғалысқа кедергі келтіретін барлық ауыр заттарды тастаған дұрыс.

Егер адамды қар басып қалса, бетін жоғары қаратуға тырысу қажет. Бір қолыңызды жоғары қарай созып ұстау– құтқарушылардың сізді тез арада тауып алуына көмектеседі.

Қар тоқтаған соң, мұрын мен ауыз тұсынан кішкене ауа шығатын жер жасап, жай тыныстау керек.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды таулы және қарлы аймақтарда аса сақ болуға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button