71 елді мекенде су тасқыны қаупі бар—ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны мен қарғын су басу қаупі бар 71 елді мекен анықталды. Бұл қауіпті аймақтарда 3 573 тұрғын үй орналасқан, 8 638 адам тұрады.
Су тасқынына дайындық ретінде Глубокое, Катонқарағай, Шемонаиха, Алтай, Самар, Марқакөл, Үлкен Нарын, Ұлан, Күршім аудандары мен Риддер қаласында инженерлік қорғау шаралары жүргізілді. Ұзындығы 900 метр қорғаныс бөгеттері жөнделді, өзен арналары тереңдетіліп, арықтар тазаланып, жаңадан салынды. Су өткізу арналары бойынша 13 072 метр инженерлік жұмыс атқарылды. Сонымен қатар, төрт көпір мен автокөлік жолдарын жөндеу жобасы іске асырылып, бір гидротехникалық нысан жаңартылды.
Төтенше жағдайда жедел әрекет ету үшін 3 106 адам, 674 техника, 11 әуе кемесі, 89 жүзу құралы және 242 мотопомпа дайын тұр. 21 мың адамға арналған 182 уақытша орналастыру пункті де жасақталды.
Халықты уақытылы ақпараттандыру үшін 48 сирена-сөйлеу құрылғысы, SMS-хабарламалар, теле-радио арналарын автоматты түрде қосу, «Дәрмен» мобильді қосымшасы және «Mass Alert» жаппай хабарлау жүйесі пайдаланылады. Су тасқыны жағдайы «ШҚО әкімінің ахуал орталығы» ақпараттық жүйесі арқылы бақыланып отырады.



