Жаңалықтар
Қарызын өтеген шағын бизнес өкілдеріне өсімпұл мен айыппұл кешіріледі

Микро және шағын бизнес өкілдеріне салықтық жеңілдік беріледі. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады.
1 қаңтардағы жағдай бойынша салық берешегі бар кәсіпкерлер негізгі қарызын толық өтесе, оларға есептелген өсімпұл мен айыппұлдар есептен шығарылады.
Кәсіпкер негізгі салық қарызын 31 наурызға дейін толық төлеуі керек.
Не кешіріледі?
– Қарыз толық өтелген күнге дейін жиналған барлық өсімпұл;
– Сол салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салынған айыппұлдар.



